БҚО кәсіпорынға 141 миллион теңге айыппұл салынды
Сот кәсіпорынға графитті сақтау кезінде шаң шығарындылары үшін айыппұл салды. Орал әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сот экологиялық нормаларды бұзғаны үшін ЖШС қатысты істі қарады. Қандай ЖШС, сот хабарламасында айтылмаған.
– Тексеру барысында ЖШС 2023 жылы графитті сақтау кезінде 38,32 тонна бейорганикалық шаң көлемінде нормативтен тыс шығарындыларға жол бергені анықталды. Ол үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған,-деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
ЖШС өкілі сот отырысында әкімшілік құқық бұзушылықпен келіспеді. Ол заттың өзі анықталмағанын, оның нақты көлемге сәйкестігі, өлшеу және тексеру актісі ҚР ӘҚБтК талаптарына сәйкес келмейтінін, өлшеу механикалық тәсілмен – рулеткамен және телефонмен жүргізілгенін, бұл күмән тудыратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, ЖШС аумағында графит қай уақыттан бері сақталатыны да анықталған жоқ. Ол құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Сотта мамандар актілерді жасау және бұзушылықтарды есептеу кезінде олар заңнама нормаларына сәйкес келмейтінін түсіндірді.
Әкімшілік істі сотта қарау кезінде тексеру тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижелері туралы актіге және бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағым жасалмады және күші жойылмады.
Сот қаулысымен ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпорынға 141 миллион теңге айыппұл салынды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.