Батыс Қазақстанда ер адам әйелін үйіне кешігіп келгені үшін пышақтап өлтірді

Жантүршігерлік қылмыс биыл 21 маусымда Ақтөбе облысының Мәртөк ауылында болған. Іс материалдарынан белгілі болғандай, сотталушы сағат 22.00 шамасында балаларды жатқызып, әйеліне телефон соғып, оның қайда екенін және үйге қашан келетінін сұрай бастаған. Әйел әріптестерімен бірге жүргенін, кейінірек келетінін айтқан.

ашық дереккөзден

Біраз уақыттан кейін ер адам терезеден көлікті көреді. Әйелі көліктен түсіп, одан кейін аулаға кірген. Бұл кезде күйеуі мас болып алған. Қылмыскер асхана пышағын алып, аулаға шығады. Ер адам сол жерде ашуланып, ұятсыз сөздер айтқан. «Неге қаңғырып жүрсің? Балаларыңның бары енді есіңе түсті ме?» деп әйеліне айғайлай бастаған. 

Сол арада ерлі-зайыптылардың арасында жанжал басталды. Ер адам қызғаныштан оның шашынан ұстап, мойнына бір рет пышақ сұғып, оны жерге құлатқан. Сотталушы мұнымен тоқтап қалмай, пышақпен бірнеше рет ұрған.

Кейін мамандар әйелдің бүкіл денесінің пышақ жарақатын, жақ сүйегінің сынықтарын санады. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Айғайлаған дауысты естіп, үйден жүгіріп шыққан көршісі мен анасы жанжалға араласқаннан кейін ғана сотталушы әйелді ұруды тоқтатқан.

Кейінірек сотта әйел көршісіне бірнеше рет хабарласып, балалардың жағдайын тексеруді өтінгенін, қаладан ауылға келуге такси таппай жүргенін айтқан.

Сотталушының өзі кінәсін мойындап, қызғаныштан шарасыз қадамға барғанын айтты. Жәбірленуші – өлтірілген әйелдің анасы, ол соттан бұрынғы күйеу баласын заң шеңберінде жазалауды сұрады. Сонымен қатар моральдық өтемақы ретінде жауапкерден 100 миллион теңге өндіруді сұрады. Ал марқұм болған әйелдің анасы балаларды қамқорлыққа алды.

Сот айыпталушыны кісі өлтірді деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейді. Оған қоса, ол моральдық өтемақы ретінде бұрынғы енесіне 10 миллион теңге төлеуге тиіс. Айта кетейік, ер адам бұрын тонау үшін сотталған. 

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-05
Утром-4.42 ℃
Днем-4.34 ℃
Вечером-3.16 ℃
Ночью-4.57 ℃
Влажность83 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра4.51 м/с
2024-12-06
Утром-6.71 ℃
Днем-3.76 ℃
Вечером-5.66 ℃
Ночью-6.99 ℃
Влажность65 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.79 м/с