БҚО-да 2024 жылғы шомылу кезеңінде 12 адам суға батып кеткен, оның ішінде 6 бала
Ағымдағы жылы шомылу үшін 12 рұқсат етілген, оның ішінде 3 коммуналдық және 9 жеке жағажай шомылу орны анықталды.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дамир Кеңесұлы Бекпасов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Батыс Қазақстан облысында шомылу маусымының қорытындылары туралы» тақырыбында сөз сөйледі.
Облыстың су айдындарында төтенше жағдайдың туындау қаупін азайту жөніндегі іс-шаралар кешені алдын ала басталды.
Облыс әкімімен «Облыс су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары» бекітілген болатын.
Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз балалық шақ – 2024» ведомствоаралық акциясының жоспары бекітілді.
Ағымдағы жылы шомылу үшін 12 рұқсат етілген, оның ішінде 3 коммуналдық және 9 жеке жағажай шомылу орны анықталды.
Балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүзуді үйрету мақсатында, облыс бойынша 4 жабық және 37 рамалық-модульді бассейндер жұмыс жасады.
1 маусым мен 31 тамыз аралығында апта сайын жұма күндері Орал қаласының «Қалалық мәдениет және демалыс саябағы» коммуналдық жағажайында «Ашық аспан астындағы қауіпсіздік мектебі» жұмыс жасады, оның аясында 2 мыңнан астам адам оқыды.
Өткен жылмен салыстырғанда адамдардың қаза болуы 14%-ға төмендеді. 2024 жылғы шомылу кезеңінде 12 адам суға батып кетті, оның ішінде 6 бала.