БҚО-да спортшыларды жарыстарға дайындау және қатыстыруға бюджеттен Т17,6 млрд сұрауда
Мақсаты – жоғары жетістіктер спортын дамыту.
Батыс Қазақстан облысында спортшыларды жарыстарға дайындау және қатыстыруға бюджеттен Т17,6 млрд сұрауда, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша құрама командалары мүшелерінің дайындығы және қатысуы», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл – 3 068 449; 2024 жыл – 3 730 046; 2025 жыл – 3 730 046; 2026 жыл – 3 561 417; 2027 жыл – 3 596 835», – деп бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т17 686 793 000.
Бюджеттік бағдарламаның негіздемесі – спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына олимпиадалық резерв даярлау, спорт түрлері бойынша республикалық, халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және спортшылардың республикалық, халықаралық спорттық іс-шараларға қатысуы, құрама командалар спорттшыларының шеберлігін дамыту және арттыру үшін қажетті жағдай жасау болып табылады.
Мақсаты – жоғары жетістіктер спортын дамыту.
«Міндеттер: 650 республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысу, облыс бойынша 66 Қазақстан Республикасы спорт шеберлерін дайындау, 171 Қазақстан Республикасы чемпионаттарының жеңімпаздарын дайындау», – деп жобада міндеттелген.