Биыл тамызда ауа райына байланысты рекорд тіркелген

Ерекше атап өтетін жайт — жауын-шашынның аномальды мөлшерінің 113 мм-ге жетуі, бұл көрсеткіш орташа айлық нормадан 364 пайыз көп, (норма 31 мм). 8-9 тамыз күндері қатты бұршақ жаууы байқалды.

Тамызда ауа райына байланысты рекорд тіркелген, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, тамыз айының бірінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталды, кей күндері термометр бағандары +32+42°С-қа дейін жетті, ал еліміздің солтүстік жартысында онкүндіктің соңында ауа температурасының төмендеуі байқалған.

Кей станцияларда ауа температурасы бойынша ғана емес жауын-шашын мөлшері бойынша да рекордтар болған. 9 тамызда Балқаш метеорологиялық станциясында (Қарағанды облысы) ауа температурасы 2002 жылғы рекордты (+36,6°С) жаңартып, +37,6°С болған.

8 тамызда Тобол метеорологиялық станциясында (Қостанай облысы) 89 мм жауын-шашын түскен, бір айлық норма 35 мм, Егіндікөл метеорологиялық станциясында (Акмола облысы) 50 мм, бір айлық норма 29 мм, Успенка метеорологиялық станциясында (Павлодар облысы) 46 мм, бір айлық норма 32 мм болған.

Онкүндік бойы желдің күшеюі 15-25 м/с-қа дейін жетіп, найзағай, бұршақ, тұман, ал елдің оңтүстігінде шаңды дауыл байқалды.

Тамыздың екінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде ауаның негізгі фондық температурасы +17+25°С болды, ал оңтүстік жартысында кей күндері температура +25+30°С дейін төмендеді.

Астанада орташа айлық ауа температурасы +18,5°С болды, норма 19,1°С. 1 тамызда ең жоғарғы ауа температурасы тіркеліп, +36,3°С-қа жетсе, ең төменгі ауа температурасы 28 тамызда +9,2°С көрсетті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-20
Утром16.83 ℃
Днем27.23 ℃
Вечером29.95 ℃
Ночью18.48 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра6.76 м/с
2026-05-21
Утром17.87 ℃
Днем24.87 ℃
Вечером24.16 ℃
Ночью17.7 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра9.04 м/с