Дубай, Мәскеу, Көк жағалау – Қазақстаннан ұрланған байлық қай қалалардан шығып жатыр

Арнаулы мемлекеттік қорға 176,3 млрд теңге түскен.

Коллаж Ulysmedia.kz

Қазақстан Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтер қай елдерден қайтарылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МҮЛІКТЕН ҚАЙДАН ШЫҚТЫ

Сүйіндіковтың сөзінше, заңсыз шығарылған активтер әртүрлі елде анықталған.

– Бірікккен Араб Әмірліктері, Ресей, Франция, Австрия, Сингапур… Түрлі мемлекет бар. Қай елден көбірек анықталғанын қазір салыстырып айта алмаймын. Алайда мүліктер жайлы айтар болсақ, олар Мәскеуде, Франция десек Көк жағалауда, БАӘ десек Дубай… Шет елдерден элитті мүліктер қайтарылатынын айтып отырмыз ғой. Элитті мүліктер жаңа айтқан тартымды елдерде орналасқан, – дейді ол.

ҚОРҒА 176 МЛРД ТЕҢГЕ ТҮСКЕН

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Бақытбек Тәшеновтың айтуыннша, арнаулы мемлекеттік қорға 176,3 млрд теңге түскен. Басқарушы компаниядан түскен қаражат — 5,7 млрд теңге, оның ішінде активтерді сатудан 5,559 млрд теңге және активтерді басқарудан — 141 млн теңге. Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын бөлу орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстарын міндетті түрде Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджет комиссиясында қараумен жүзеге асырылады. Қор қаражаты әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.

Тәшеновтың атап өтуінше, қор қаражаты есебінен қаржыландыру үшін жобаларды іріктеу және олардың өлшемшарттарын айқындау тәртібі Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларында айқындалған. Осы қағидаларға сәйкес мемлекеттік органдар әзірлеген жобалар Ұлттық экономика министрлігінің экономикалық сараптамасына жататын болады. Бұдан әрі жобаларды қор қаражаты есебінен қаржыландыру мәселесін Қаржы министрлігі Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-17
Утром5.43 ℃
Днем13.48 ℃
Вечером14.58 ℃
Ночью9.46 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.46 м/с
2026-04-18
Утром7.51 ℃
Днем12.92 ℃
Вечером13.79 ℃
Ночью12.12 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра7.4 м/с