Ақпараттық базадағы мәліметтерді желіге немесе алаяқтарға бергені үшін жауапкершілік енгізіледі

«Киберқадағалау» жүйесі 8 мыңнан астам алаяқтық сипаттағы сайтты бұғаттады.

Фото: Halyq Un

Ақпараттық базадағы мәліметтерді желіге немесе алаяқтарға бергені үшін жауапкершілік енгізіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Премьер-министр Олжас Бектенов Құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Жиында интернет-алаяқтыққа қарсы күрес және қаржы пирамидаларының алдын алу шаралары қаралды.

Ішкі істер министрі келтірген мәліметте алаяқтыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде «Киберпол» арнайы топтарымен 2,5 мыңнан астам қылмыс ашылғаны айтылды. Нәтижесінде 962 млн теңге көлеміндегі шығын өтелген. 914 қылмыскер ұсталып, жалған нөмірлерден түскен 58 млн қоңырау бұғатталды.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметтері бойынша, биыл 43 қаржы пирамидасы анықталып, мессенджерлердегі 266 чат жабылған. Осылайша, 2 млн-ға жуық азаматтың қаржылық шығынының алды алынды.

«Киберқадағалау» жүйесі 8 мыңнан астам алаяқтық сипаттағы сайтты бұғаттады.

Премьер-министр Олжас Бектенов алаяқтық схемалар үздіксіз дамып келе жатқандықтан бірқатар бағыт бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Мемлекет басшысы интернет-қылмыстарды ерте анықтау мен жолын кесу мәселесіне баса назар аудара отырып, оларға қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуді бірнеше рет тапсырды. Онлайн-кредиттерді ресімдеуге, банктік жинақтарды ұрлауға байланысты әрекеттердің көпшілігі шетелден отырып жасалады. Оның үстіне ақпараттық базадағы мәліметтерді желіге немесе алаяқтарға беру бойынша да жауапкершілік жоқ. Сондықтан мүдделі мемлекеттік органдар банк шоттарын, карталарды, жеке куәліктегі деректерді, телефон нөмірлерінің базаларын бөтен адамдарға қасақана бергені үшін жауапкершілікті енгізу мәселесін пысықтауы қажет, – деді Олжас Бектенов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-10-15
Утром1.08 ℃
Днем10.02 ℃
Вечером7.15 ℃
Ночью4.87 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.66 м/с
2024-10-16
Утром2.88 ℃
Днем8.97 ℃
Вечером7.48 ℃
Ночью6.83 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра5.04 м/с