Гала-концерт, отшашу және ат жарысы: оралдықтар қала күнін қалай атап өтеді
Оралдағы қала күнін мерекелеу спорттық жарыстардан басталады.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі Оралдағы қала күнін мерекелеу 17 қыркүйекте волейболдан қалааралық турнирден басталып, 22 қыркүйекте бәйгеден облыс чемпионатымен аяқталатынын хабарлады. Барлығы 10 іс — шара-көрмелер, жәрмеңкелер, чемпионаттар болмақшы.
17-23 қыркүйекте «Орал» СК-де «Достық-Дружба»волейболдан дәстүрлі қалааралық турнир өтеді.
20 қыркүйек күні сағат 9:00-де «Атамекен» мәдениет сарайында «Uralsk Green Forum»экологиялық форумы өтеді.
20 қыркүйек күні сағат 15:00-де Кемеңгер көшесіндегі 41 үйде тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтарға жаңа пәтерлердің кілттерін табыстаудың салтанатты рәсімі өтеді.
20 қыркүйекте сағат 16:00-де абаттандырылған аулаларды салтанатты түрде пайдалануға беру, олардың мекенжайлары нақтыланады.
20 қыркүйекте сағат 17:00-де Орал-Саратов тас жолының бойында Зачаганск кентінде жаңа бульвардың ашылу салтанаты өтеді.
21 қыркүйек күні сағат 11:00-де Арбатта Д.Нұрпейісова көшесінде қолөнершілер мен гүлдер жәрмеңкесі өтеді. Сол күні жергілікті өндірушілердің өнімдерінің көрмесі өтеді.
21 қыркүйек күні сағат 16:00 – де «Атамекен» мәдениет сарайында «Орал опера-2024″классикалық музыка кеші өтеді.
21 қыркүйек күні сағат 20:00-де Тұңғыш Президент алаңында «Туған қалам – Орал»мерекелік гала-концерті өтеді. Оралдықтар үшін қазақстандық эстрада жұлдыздары Балжан Бидаш, Adam, Qarakesek өнер көрсетеді.Концерттің жүргізушілері Газиз Ерболат пен Ақболат Өтебаев болады.
Гала-концерт 23.00-де Тұңғыш Президент алаңында отшашумен аяқталады.
22 қыркүйекте сағат 10:00 – де Меловые горки ауданында (Ипподром) БҚО-ның байге бойынша «Жайық жүрегі-2024″ашық чемпионаты өтеді.
Орал қаласының құрылғаны 1613 жыл болып саналады. Алайда, ғалымдардың көпшілігі қала кем дегенде 700 жаста деп санайды.