«Өлім мен салықтан ешкім қашып құтылмайды»: Қаржы министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Қалай болғанда да, өлім мен салықтан ешкім қашып құтылмайды. Сондықтан салық төлеу қажеттігі туралы ақпаратты таратуларыңызды сұраймын.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов азаматтарды салық төлеуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ержан Біржанов мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің Қазақстандағы қорғаныс саласына бөлінетін қаржының жеткіліксіздігі туралы сынына қатысты пікір білдірді. Вице-министр Қазақстан негізгі қажеттіліктерді, соның ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де қауқарлы екенін атап өтті.
«Кез келген жағдайда бірінші кезектегі негізгі қажеттіліктер, оның ішінде қорғаныс қабілетіне деген қажеттілік те қамтамасыз етіледі. Әрбір уәкілетті органға, басқармаларға арналған параметрлер бар. Бұл сарбаздарды азық-түлікпен қамтамасыз ету, қажеттілік нормаларына сәйкес қамтамасыз ету, әскери техникамен, шартты түрде, оқу-жаттығулар өткізу арқылы жүзеге асырылады. Мұның барлығы бюджетке енгізілген, тиісті нормативтер бар», – деді Ержан Біржанов.
Вице-министр мемлекет орындауы тиіс барлық міндеттемелерді орындайтынын атап өтті. Сондай-ақ Біржанов салық төлеу қажеттігіне де тоқталды, оның айтуынша, салық уақытылы төленсе, қаржы да жеткілікті болады.
«Біз салық кодексін қабылдап жатырмыз, оның аясында резерв қарастырылған. Сонымен қатар осы жылы біз заң қабылдадық, көлік бағасын белгілеу туралы заңды да жаңарттық, басқа да құралдар бар, валюталық бақылау, цифрландыру қарқынмен дамып келеді, бизнес өкілдерінің барлық кемшіліктері мен жеткіліксіз төлемдері көрініп тұрады. Қалай болғанда да, өлім мен салықтан ешкім қашып құтылмайды. Сондықтан салық төлеу қажеттігі туралы ақпаратты таратуларыңызды сұраймын», – деді Ержан Біржанов журналистерге.
Еске салсақ, бұған дейін мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи қорғаныс министрлігіне бөлінген қаржыға ашуланғаны туралы жазған едік.