Орал әкімі гараж иелерін сотқа берді
Орал қаласының әкімі гараж кооперативіндегі жер учаскелерінің иелеріне талап арызбен сотқа жүгінді.
БҚО сотында хабарлағандай, Орал әкімі гараж кооперативінде орналасқан жер учаскелерінің меншік иелерін сотқа берді. Қала басшысы соттан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды сұрады. Гараждардың орнында билік демалыс саябағын салуға дайындалып жатты.
Талап қоюға, Орал қаласы Әкімінің 2023 жылғы 30 мамырдағы қаулысына 2023 жылғы 20 қыркүйекте енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде «Мотор» гараж кооперативіндегі жер участкелерін демалыс саябағын ұйымдастыру мақсатында мемлекет мұқтаждығы үшін иеліктен мәжбүрлі түрде шығару шаралары басталғандығы түрткі болды.
Сотқа дейінгі реттеу шеңберінде, меншік иелерімен жер учаскелерінің нарықтық құны бойынша ұсынылған келісім шешілмеді және соңғысы әкім қаулысымен толықтай келіспеді.
2024 жылғы 05 тамыздағы сот шешімімен ҚР«Мемлекеттік мүлік туралы» заңының 63-бабын және ҚР«Жер кодексінің» 84-бабының заң талаптарын бұза отырып, әкімнің қаулы шығару негізінде, дәлірек айтқанда қаулыда жер учаскелерінің жеке сипаттамаларының және олардың меншік иелері ретінде жауапкерлер туралы мәліметтердің болмауына байланысты, талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.
Жер кодексінің 84-бабының ережелерін сақтамау соттың жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудан бас тартуына негіз болып табылады(ҚР Жер кодексінің 64-бабының 7-тармағы және нормативтік қаулының 6-тармағы).
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Орал әкімдігі саябақ салу үшін гараждар жерін алу туралы шешімін өзгертті