Ресейден Қазақстанға 8 вагон бидай кіргізбек болғандардың жолы кесілді

2024 жылдың 11-12 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысының Темір жол фитосанитариялық бақылау бекетінде 8 вагон бидай табылып, Ресей Федерациясына қайтарылды.

Сурет: unsplash

Батыс Қазақстан облысында 8 вагон Ресей астығын елімізге кіргізбек болғандардың жолы кесілді. Ішкі нарықты қорғау мақсатында елімізге сырттан астық кіргізуге тыйым салынған.

«2024 жылдың 11-12 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысының Темір жол фитосанитариялық бақылау бекетінде 8 вагон бидай табылып, Ресей Федерациясына қайтарылды. 526 тонна Саратов және Тула облыстарынан Шымкент қаласына жеткізілді. Бұл жұмысты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар ҚР ҰҚК ШҚД «Жайық» шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілерімен бірлесіп жүргізеді», делінген ҚР АШМ хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі нарықты қорғау және Астықты кері экспорттау фактілерін болдырмау үшін 2024 жылғы 26 шілдеде сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында транзитті қоспағанда, үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен Қазақстан аумағына көліктің барлық түрлерімен бидайды әкелуге тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылданды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО аумақтық инспекция инспекторлары 251 тонна бидайды кері қайтарды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-24
Утром13.2 ℃
Днем23.19 ℃
Вечером23.07 ℃
Ночью18.72 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра3.31 м/с
2025-06-25
Утром17.01 ℃
Днем26.26 ℃
Вечером22.15 ℃
Ночью19.17 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра5.34 м/с