Ресейлік депутат әлемге қауіп туралы ескерту жасау үшін ядролық бомба жаруды ұсынды
Депутаттың сөзінше, осылайша батыс саясаткерлеріне ядролық қару қаупі барын ескерту керек.
Ресей депутаты Андрей Колесник сынақтардың бір бөлігі ретінде ядролық бомбаны жаруды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Депутаттың сөзінше, осылайша батыс саясаткерлеріне ядролық қару қаупі барын ескерту керек.
«Бір полигонда ядролық жарылыс жасауымыз керек. Қазір елімізде мұндай сынақтарға тыйым салынған, бірақ мұның соңы неге әкелетінін адамдар көру керек… Мораторий алынып тасталса, адамзат жақсылап ойланатын шығар», – деді ол.
Депутат бұл мәлімдемені Украина туралы сөз қозғаағанда айтқан. Оның пікірінше, бұл бейбіт тұрғындар үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Бұған дейін АҚШ Еуропаға жаңа ядролық бомбалар орналастыратыны айтылған еді.