Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегіне қарсы вакцинаны алғаш рет алдын ала мақұлдады
5 тамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің өршуіне байланысты жаһандық төтенше жағдай жариялады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Bavarian Nordic даниялық фармацевтикалық компаниясының MVA-BN вакцинасын ұсынған. Препарат алдын ала квалификациядан өтті. Яғни бұл екпені ДДҰ мақұлдады деген сөз. Соның негізінде елдер мен халықаралық ұйымдар вакцинаны сатып алу туралы шешім қабылдай алады.
ДДҰ бұл шешім халықтың осал топтарын вакцинациялаумен еңінен қамтуға және осылайша жұқтыруды азайтуға көмектеседі деп күтеді.
Маймыл шешегіне қарсы MVA-BN вакцинасын 18 жастан асқан адамдарға араға төрт апта салып екі инъекциялық доза түрінде беруге болады. Аймақта вакцина тапшы болса, ДДҰ бір дозаны қолдануды ұсынады. Егер адам ауруды жұқтырмаған болса, MVA-BN вакцинасының бір дозасының тиімділігі 76%, ал екі дозасы 82% тиімді деп бағаланған. ДДҰ-ның айтуынша, науқсапен байланысқа түскен адамға егілген екпенің алдын ала жүргізілген вакцинациядан тиімділігі төмен болады.
5 тамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің өршуіне байланысты жаһандық төтенше жағдай жариялады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус маймыл шешегі ауруының таралуын тоқтату үшін алдағы жарты жылда шамамен 135 миллион доллар қажет деп мәлімдеді.
Қазақстанның ғалымдары да маймыл шешегіне қарсы вакцина шығаруға әзір. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары институты Денсаулық министрлігіне вакцина жасау мәселесі бойынша хат жазып, өз мүмкіндіктері туралы ақпарат хабар жолдаған.
Дереккөзі: Курсив