БҚО тұрғыны қос азаматтық үшін айыппұл арқалады

Оған 516 880 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік айыппұл салынды.

фото: ашық дереккөз

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 5-тармақшасына сәйкес, егер тұлға басқа
мемлекеттің азаматтығын алған болса Қазақстан Республикасы азаматтығынан
айрылады,- деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Осы Заңның 21-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған тұлға өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.

Тасқала аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігімен Ресей Федерациясының азаматшасы «А»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, 2024 жылғы 10 қыркүйекте «Тасқала» КҚББ шекарасында құжаттарды тексеру барысында Ресей Федерациясының азаматтығын алып, отыз күнтізбелік күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарламаған және ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелеріне Қазақстан Республикасының төлқұжаты мен жеке куәлігін тапсырылмаған «А» азаматша анықталды..

Сот отырысында азаматша «А» өз кінәсін мойындап,  Ресей Федерациясының төлқұжатын алған кезде оған Қазақстан Республикасының төлқұжатын және жеке куәлігін тапсыру қажеттігі түсіндірілмегенін  көрсетті.

Сот қаулысымен Ресей азаматы «А» ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 516 880 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-18
Утром16.75 ℃
Днем22.71 ℃
Вечером23.33 ℃
Ночью18.04 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра4.91 м/с
2025-05-19
Утром16.2 ℃
Днем21.04 ℃
Вечером15.87 ℃
Ночью13.95 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.28 м/с