Оралдағы ЖКО-да 13 адам зардап шекті. Олардың бесеуі-балалар
Алдын ала ақпарат бойынша, Nissan Teana жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен.
Бүгін таңертең Алаш пен Светлая көшелерінің қиылысында «Газель Next» маршруттық көлігі мен «Nissan Teana» жеңіл автокөлігі соқтығысты.
Алдын ала ақпарат бойынша, Nissan Teana жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен.
ЖКО орнында бес жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Қаланың ауруханаларына 13 адам жеткізілді. Олардың бесеуі балалар, – деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта 12 жасар бала көпсалалы балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды. Оның жағдайы орташа ауыр. Қалған төрт балаға амбулаториялық ем тағайындалды.
22 және 18 жастағы екі жас Қалалық көпсалалы аурухананың реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Олардың жағдайы өте ауыр.
Екі әйел – 39 жаста және 63 жаста, облыстық көпсалалы аурухананың травматология бөлімшесіне жатқызылды.
Қалған зардап шеккендерге амбулаториялық ем тағайындалды.