Оралда жолаушылар автобусының қатысуымен болған апаттан 11 адам зардап шекті
Қиылыста Газель Next маркалы №1 маршруттық автобусы және Nissan Teana соқтығысқан.
ЖКО 17 қыркүйекте сағат 09:20-да Алаш және Светлая көшелерінің қиылысында орын алды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қиылыста Газель Next маркалы №1 маршруттық автобусы және Nissan Teana соқтығысқан.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан Nissan Teana жүргізушісі мен екі жолаушы, сондай-ақ 8 маршруттық автобус жолаушысы ауруханаға жеткізілді. ЖКО жағдайлары мен егжей-тегжейлері анықталуда. Жергілікті жерде полиция мен ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде, – деп хабарлады полиция.
«Батыс Дилижанс» ЖШС автобус паркінің басшысы Владимир Юркевич алдын ала ақпарат бойынша Nissan Teana жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шыққанын хабарлады.
– Біз өзіміз әлі ештеңе білмейміз. «Жедел жәрдем» көп болды, 10-нан астам. Микроавтобус жүргізушісі наркологияға куәландыруға жіберілді. Жолаушылар көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Оң жағында отырған адамды алу үшін көлікті кесуге тура келді. Барлығы алынды. Автобус жүргізушісінің айтуынша, ол өз жолағымен келе жатқан, жеңіл көлік жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шыққан. Жылдамдық үлкен болды дейді. Маршруттық автобустың сыйымдылығы-18 адам. Біздің барлық жүргізушілеріміз рейс алдындағы тексеруден өтеді, – деді Владимир Юркевич.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы кейін зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпаратты кейін беруге уәде берді.