Украинаға қарсы соғысқан БҚО тұрғыны көз жұмды
Бұған дейін Қазақстанның бірнеше азаматы соғысқа қатысқаны үшін сотталғаны жөнінде БАҚ-та ақпарат тараған. Қазақстан азаматтары басқа елдегі қарулы қақтығысқа қатысса, қылмыстық жауапқа тартылады.
Қоғам белсендісі және журналист Лұқпан Ахмедьяров өзінің Instagram парақшасында Украинадағы соғыста қаза тапқан БҚО-ның тағы бір азаматы туралы хабарлады.
Ол 41 жастағы Айбек Рамазанов болып шықты. 2023 жылы ер адам Ресей қарулы күштерінің қатарына ерікті болып тіркеліп, Украинаға қарсы соғысқа қатысқан. Паспорт мерзіміне қарағанда, Рамазанов құжатты 2024 жылдың екінші тамызында алған. Құжат Донецк Халық Республикасында берілген.
Ахмедьяровтың айтуынша, бұған дейін Айбек Рамазанов БҚО-дағы» Жайық мұнай” компаниясында жұмыс істеген. Алайда компания оқиғаға байланысты түсініктеме беруден бас тартқан.
Елімізде қазақстандықтарға қарулы қақтығыстарға қатысуға тыйым салынған. ҚР ҚК-нің 172-бабы бойынша «шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу» 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген.
Қазақстандық полицейлердің Рамазановқа қатысты қылмыстық іс қозғағаны белгісіз. Өйткені Ресей армиясының қатарына кірген кезде ол Қазақстан азаматы болған.
Еске салсақ, бұған дейін Лұқпан Ахмедьяров БҚО, Бөрлі ауданының 61 жастағы тұрғынының Украинадағы шайқаста қаза тапқанын мәлімдеген еді.