Елімізде 1404 ауыл жойылып кеткен

Тұрақты жұмыс орындары ашылмаса мемлекет салынған қаржыдан тиісті нәтиже ала алмайды.

Ашық дереккөзден

Сенаттың жалпы отырысында Серік Шайдаров ауылдық аймақтар экономикалық дамуда артта қалғанын, өмір сүру сапасының төмендеп бара жатқанын және ауылдардың жойылып кетуіне әкеліп соғатын проблемаларды айтып, депутаттық сауал жолдады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенатор 2019 жылдан бері келе жатқан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына да тоқталды. 2014-2023 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 524 миллиард теңге бөлініп, 1800 ауылда 5 мыңнан астам жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік туған. 

Депутаттың сөзінше, бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ, бұл ауылды дамытудың әлемдік тәжірибесіне қайшы келеді. Мұнда табыс деңгейі мен жұмыссыздық сияқты экономикалық көрсеткіштер басты рөл атқарады.

Сондай-ақ ол елімізде соңғы 20 жылда 1404 ауылдың жойылып кеткенін, бұл ауылдық аймақтарға қатысты мемлекеттік саясатты қайта қарау қажеттігін алға тартты.

«Ауыл – ел бесігі» жобасының мақсаты – осы ауылдардағы экономикалық өсу өлшемі арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Іс жүзінде бюджет қаржысын әдеттегідей игеру жүріп жатыр, ал тұрақты жұмыс орындары ашылмаса мемлекет салынған қаржыдан тиісті нәтиже ала алмайды», – дейді Серік Шайдаров.

Ашық дереккөзден

Депутат мемлекеттік қолдаудың қатысуымен бөлінетін барлық несиелерді «Ауыл – ел бесігі» бойынша ауылдық елді мекендерді қаржыландырумен байланыстыру және негізгі индикаторды осы ауылдық елді мекендердегі салалар бойынша жалпы қосылған құнның жыл сайынғы өсуіне мониторинг жүргізе отырып, жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуды айқындау ұсынылғанын айтты. Ал қалыптасқан жағдайды ескере отырып, неге инфрақұрылымға миллиардтаған сома құйылатын ауылдық елді мекендерде бөлінген несиелер мен бизнес ашу бойынша талдау жоқ деген сұрақ туындайтынын айтып өтті.

Серік Шайдаров ауыл тұрғындарына ӘКК арқылы несие беруді де ұсынды. Себебі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жобаларды жергілікті атқарушы органдар қалыптастырып, ауылдарда жұмыс орындарын ашуды және инфрақұрылымды дамытуды үйлестіруді ұсынып отыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-10-15
Утром1.08 ℃
Днем10.02 ℃
Вечером7.15 ℃
Ночью4.87 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.66 м/с
2024-10-16
Утром2.88 ℃
Днем8.97 ℃
Вечером7.48 ℃
Ночью6.83 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра5.04 м/с