Оралдағы су басқан саяжайлар мемлекетке қайтарылып жатыр

Енді бұл жерде жаз маусымында ғана пайдаланылатын уақытша нысандарға рұқсат берілуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында су басқан саяжайлар мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр. Енді бұл жерде жаз маусымында ғана пайдаланылатын уақытша нысандарға рұқсат берілуі мүмкін. Ал өзен жайылмалары қарғын су қиратқан үйлердің үйіндісінен тазартылып жатыр.

Көктемгі тасқында қайықпен ғана қатынаған саяжай аумағының қазір шаңы шығып жатыр. Өзен жайылмасын бүлінген үйлердің үйіндісінен тазартқан арнайы техникамен бірге тұрғындар да бұрынғы баспанасын бұзуға кіріскен. Өйткені өңірде құрылыс материалына сұраныс жоғары. Сондықтан асарлатып салған үйін жанталасып бұзып, жаңа мекеніне тасып жатыр.

МЕРГЕН ОРАЗБЕКОВ, ТҰРҒЫН:

Өзіміз бастап салдық қой. Әрбір кірпішті өзіміз қалап, цементін езіп. Өкінішті енді, бұзып жатыр көзімізше. Бірақ енді үкіметке де ризамыз. Үй беріп жатыр ғой. Далада қалдырып жатқан жоқ.

Ербол ИМАНҒАЛИЕВ, ТҰРҒЫН:

Пока апарып қоямыз солай, сосын болашақта көреміз ғой саламыз ғой бірдеме, гараж болса да бірдемеге пайдаға асады ғой әйтеуір. өзіміз еңбектеніп салған үй ғой. Екі жыл жүріп салдым осыны, екі күн болды бұзып жатырмын.

Жазғытұры су астында қалған саяжай аумағында 700 үй бұзылыпты. Кезекте әлі 1500 үй тұр.

ЖАНДОС ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Саяжайлардағы экологиялық апаттың алдын алу мақсатында, тазалықты қамтамасыз ету мақсатында және де қылмыстың болмауы мақсатында саяжайлардың аумағын толықтай тазартуымыз қажет ережеге сай. Онымен жергілікті атқарушы органдар айналысады. Және де резервтен әрі қарай қаржы бөлініп жұмыстар жүргізілетін болады.

Жалғыз баспанасынан айрылған тұрғындар жаңа үй алған соң, саяжайын мемлекет меншігіне өткізеді. Енді бұл жерде құрылыс салуға болмайды. Тек жаз кезінде ғана пайдаланылатын нысандарына рұқсат беріледі.

ASTANATV

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-10-15
Утром1.08 ℃
Днем10.02 ℃
Вечером7.15 ℃
Ночью4.87 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.66 м/с
2024-10-16
Утром2.88 ℃
Днем8.97 ℃
Вечером7.48 ℃
Ночью6.83 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра5.04 м/с