БҚО-лық Шекара академиясының курсанты Алматыда қайтыс болды
Алматыда 22 қыркүйекке қараған түні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының курсанты мерт болды. Полиция бұл ақпаратты растады.
Әлеуметтік желілерде 22 қыркүйекке қараған түні ҰҚК Шекара академиясының курсанты Алматыдағы Достық даңғылындағы биік үйден секіргені туралы ақпарат пайда болды. Сонымен қатар, курсант БҚО тумасы екендігі хабарланды,-деп жазады жергілікті басылым.
Деректерге сенсек, Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің жоғарғы қабаттағы пәтер терезесінен ҰҚК Шекара академиясының курсанты құлаған.
Қайғылы оқиға 22 қыркүйекке қараған түні Достық даңғылында болды. Марқұм – 19 жас шамасында.
«Аталған факт бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталу үстінде», – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.