БҚО тұрғыныны қызы кәмелетке толса да алимент төлейді
Қыз колледжді бітіргенше ер адам алимент төлеуі керек.
Жәнібек аудандық сотымен оқуын аяқтағанға дейін алимент өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
Сот отырысы барысында өз талап арызында талап қоюшы жауапкердің туған қызы ретінде, оқу орнының күндізгі бөлімінің 3-курсында оқуына байланысты, тамақтануға, киінуге, дәрілер алуға жауапкердің көмегіне мұқтаж екенін уәждеп, оқуын аяқтағанға дейін жауапкерден ай сайын 50 000 теңге мөлшерінде алимент өндіруді сұрады.
Үшінші тұлға, яғни талапкердің анасы талап қоюшымен бірге Орал қаласында 100 000 теңгеге пәтер жалдап тұратындықтан соттан талапты қанағаттандыруды сұрады.
Сот отырысында жауапкер талап қоюмен келіспей, талапты ішінара мойындап, талап қоюшы өзінің бірінші некеден қызы болатынын, оған көмектесуге дайын екенін, бірақ талап қоюшының сұрап отырған ай сайын төлейтін ақшаның мөлшері көп екенін, оны төлеуге мүмкіндігі жоқтығын, қазіргі уақытта өзінің кәмелет жасына толмаған екі баласы барын айтып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің (бұдан әрі
– Кодекс) 141-бабының 2), 3), 4) тармақтарына сәйкес, күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі балаларға күтіп-бағу қаражатын өндіріп алу алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот тәртібімен тұрақты ақша сомасында жүргізіледі. Тұрақты ақша сомасының мөлшерін сот тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып, баланың бұрынғы қамтамасыз етілу деңгейін мүмкіндігінше сақтайтын көлемдегі айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге алып айқындайды.
Сот барлық іс-құжаттарды зерттеп, келесі тұжырымға келді, яғни талап қоюшыға жауапкер әкесі болып келеді, талап қоюшының колледжде оқитынын, оған тамақтануын, киінуін, жауапкердің материалдық және отбасылық жағдайын, оның кәмелет жасқа толмаған екі балалары барлығын, өзі маусымды жұмыс жасайтынын ескере отырып, талап қоюшының оқып жүрген кезінде жауапкерден ай сайын 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде алимент өндіруді мүмкін деп есептейді.
Оқытуға алимент өндіруге жататындығына байланысты, оқытуы 2026 жылдың 30 маусымында аяқталатындықтан, сот талап қоюды ішінара қанағаттандыруды жөн көріп, мерзімін 2026 жылдың 30 маусымына дейін белгіледі. Егер жауапкер оқуын жалғастырса, 21 жасқа дейін алимент өндіру туралы талап қоюға құқылы екені түсіндіріліп, талапкердің талабы ішінара қанағаттандырылды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ