Көлік министрлігі такси жүргізушілеріне ескерту жасады
Қандай көлікпен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынғаны айтылды.
Көлік министрлігі таксомоторлық тасымалдау саласындағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігін ескертті.
Айта кетсек, «Автомобиль көлiгi туралы» ҚР Заңына сәйкес таксимен тасымалдау үшін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға болу қажет. Ол қызметті іске асыруды бастар алдында жергілікті атқарушы органға таксимен тасымалдау қызметін бастағаны туралы хабарлама жіберуге міндетті. Бұл ретте, таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын қолданумен тасымалдауларды тек таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізіліміне енгізілген такси жүргізушілері ғана іске асыра алады.
Бұған қоса, Қазақстан аумағында шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі бар және рөлі оң жақтан басқарылатын автокөлікпен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметке тыйым салынған.
Аталған заңнама талаптарын сақтаудың қажеттілігі туралы ескертеміз және белгіленген талаптарды бұзушылық үшін жауаптылық көзделгенін еске саламыз. Сонымен бірге, такси саласында қызмет көрсету кезіндегі басым міндеттердің бірі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру екендігін ескертеміз, – делінген министрлік хабарламасында.
Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сапар алдында және сапар барысында келесі іс-қимылдарды жасау қажет:
- сапар басталар алдында көліктің маркасы мен нөмірін, сондай-ақ жүргізушінің фотосуретін таксиге тапсырыс беру сервисіндегі ақпаратпен салыстырыңыз;
- егер ақпарат сәйкес келмесе, таксиге тапсырыс беру қызметіндегі сапардан бас тартыңыз және бұл туралы қолдау қызметіне хабарлаңыз;
- сапар кезінде қауіпсіздік белгісін тағуды ұмытпаңыз, тіпті артқы орындықтада;
- жол жүру кезіндегі штаттан тыс жағдайлар туралы (жүргізушінің дөрекі немесе орынсыз мінез-құлқы, көліктің лас салоны, агрессивті немесе қауіпті жүргізу стилі, жүргізушінің жол ережесін бұзуы) қолдау қызметіне уақтылы хабарласыңыз.
Осыған байланысты, әлеуетті жолаушылардың назарына жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда уақтылы құқық қорғау органдарын хабардар ету қажет екендігі туралы жеткіземіз, – деп ескертті министрлік.