Оралда көлік салығы бойынша берешек 283 миллион теңгеден асты
Салықты бес мыңнан астам автокөлік иелері төлемеген.
Орал мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Гайнешев көлік құралдарына салынатын салық тұрғылықты жері бойынша төленетінін айтты. Мәселен, 15 қыркүйектегі жағдай бойынша оралдықтардың көлік салығы бойынша берешегі 283 миллион теңгеден асады. Барлығы 5 715 салық төлеуші қарыз болды. Олардың ішінде:
Орал қаласы 254 миллион теңге;
Круглоозерное 3,2 миллион теңге;
Зачаганск 23 миллион теңге;
Желаево 1 миллион теңге;
Деркөл 4 миллион теңге.
15 қыркүйектегі жағдай бойынша 13 420 салық төлеушінің мүлік салығы бойынша берешегі 52,7 миллион теңгені құрайды.