Ресейде тағы мобилизация жарияланса Қазақстан билігі қалай әрекет етеді

 Одаққа мүше елдердің азаматтары 90 күн бойы Қазақстанда бола алады.

Жасанды интеллект

Ресейде тағы мобилизация жарияланса Қазақстан билігі қалай әрекет етеді? Қазақстан билігі бері өткен ресейліктерді депортациялай ма? Ulysmedia.kz порталының бұл сұрағына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев жауап берді.

АРНАЙЫ АЛГОРИТМ БАР

– Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болғаннан кейін бізде келісімшарт бар. Одаққа мүше елдердің азаматтары 90 күн бойы Қазақстанда бола алады. Көбі Астана мен Алматы сияқты ірі қалаларға барады. 90 күннен кейін Қазақстан тарапының шақыруымен жұмысқа орналасып, жұмыс та істей алады, – дейді Ертаев.

Егер Ресейде тағы мобилизация жарияланып, ресейліктердің саны көбейіп жатса, Қазақстан билігінің ол мәселеге байланысты нақты ережесі бар. Кез келген мемлекеттен көп адам бір уақытта көшіп жатса, оларды қабылдайтын арнайы алгоритм бекітілген. Ол қағида 2023 жылы Үкімет қаулысымен қабылданған.

ЕГЕР 1 МЛН АДАМ КЕЛСЕ…

– Егер бір елден бір миллион адам келем десе, онда нақты жазылған: ол кезде Еңбек министрлігі ғана жұмыс істемейді. Бәрі қосылады. Шекара қызметі оларды қабылдап, тіркеп, белгіленген жерге орналастырамыз. Сондай жағдай болса, жұмыс тобы құрылады. Оларды нақты қай жерге орналастыру керектігі шешіледі. Орын белгіленеді. Оларға бірден неге келгені, нендей себеппен жеткені жөнінде тексеру жұмыстары жүргізіледі. Транзитпен Қазақстаннан кетуі мүмкін. 

Орналасқан жерден ары қарай барлық министрліктер жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істейді. “Қазақстанда қалам” деген азаматтар болса, мамандықтары сұраныстары сай келсе, біз оларды жұмысқа тартамыз. Егер олар транзитпен кетеміз десе, шығарып салады. Осындай алгоритмен жұмыс істеледі, – дейді Ертаев.

2022 ЖЫЛҒЫ КӨШ

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы Ресей билігі Украиндағы соғысқа байланысты мобилизация жариялаған тұста Қазақстанға 837 мың ресейлік кірген, олардың 780 мыңы Қазақстаннан шығып кеткен. Бұл туралы сол жылы желтоқсанда Астанада өткен брифингте министрлікке қарайтын миграция комитетінің басшысы Ілияс Испанов мәлімдеген еді. Испановтың сөзінше, қазір Қазақстанда 298 мың ресейлік бар, оның ішінде 30 мыңы елде жұмыс істеуге қалған. Бұған қоса, министрліктің мәліметінше, Қазақстанда 20 мың ресейлік студент оқиды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-17
Утром17.75 ℃
Днем26.06 ℃
Вечером21.23 ℃
Ночью17.33 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.77 м/с
2025-06-18
Утром15.64 ℃
Днем23.69 ℃
Вечером22.71 ℃
Ночью17.23 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра6.93 м/с