Оралда жылу қашан қосылады
Бірінші кезекте жылуға денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары және өзге де әлеуметтік объектілер қосылады. Содан кейін жылу көп пәтерлі тұрғын үйлерге беріледі.
«ЖайықЖылуҚуат» АҚ Бас директорының орынбасары Бекболат Камешов қаланың жылыту маусымына толықтай дайын екенін айтты. Үйлерге жылу беру үш күн ішінде орташа тәуліктік ауа температурасы сегіз градусқа дейін және одан төмен болған кезде басталады.
— Жоспарланған жұмыстар аяқталды. Биылғы жылы Черекаев көшесіндегі 6,7 шақырым ішкі және 1,6 шақырым желілер ауыстырылды. Аумақты тазарту және ұсақ жұмыстарды орындау ғана қалады. Балабақшалар, мектептер мен медициналық мекемелер де жылу беруге дайын. Олардан өтінімдер келіп түскеннен кейін біз оларды бірден қосамыз, — деді Бекболат Камешов, әзірге ешкім жылу қосуға өтінім берген жоқ.
Камешов жылыту бірінші кезекте жылыту маусымына дайындық паспорты бар үйлерге берілетінін атап өтті.