Қазақстанда 2024 жылдың соңына дейін су тасқынын болжайтын жүйе іске қосылады

Үкімет отырысында Су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов 2024 жылдың соңына дейін Қазақстанда су тасқынын болжау мен модельдеудің ақпараттық жүйесі іске қосылатыны айтты. 

Flood.garysh деп аталатын жүйе арқылы картадан қауіпті аймақтарды көруге болады. Нұржан Нұржігітов аталмыш жүйенің Цифрлық даму министрлігімен бірлесе отырып жасалғанын атап өтті. Flood.garysh ақпараттық жүйесі осы жылдың төртінші тоқсанында іске қосылмақ.

Су ресурстары министрінің айтуынша, ақпараттық жүйе стратегиялық шешімдер қабылдау үшін тиісті болжамдарды модельдеуге мүмкіндік береді. Осылайша құзырлы органдардың болжамдарына сәйкес келетін су тасқыны болуы ықтимал қауіпті аймақтарды картада бейнелеуге болады. 

“Ақпараттық жүйенің көмегімен су деңгейінің болжамды биіктігін, су басу аймағының шекарасын және су басу тереңдігін болжауға болады. Модельдеу нәтижелері Flood.gharysh.kz ақпараттық жүйесіне жүктеліп, құзырлы мемлекеттік органдар мен Төтенше жағдайлар министрлігінің Дағдарысты басқару орталығына қолжетімді болмақ. Flood.gharysh.kz биыл 1 желтоқсанда тестілік режимде іске қосылады деп жоспарлануда”, – деді Жаңа цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-07
Утром-8.53 ℃
Днем-4.86 ℃
Вечером-5.91 ℃
Ночью-6.95 ℃
Влажность58 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра3.11 м/с
2024-12-08
Утром-8.13 ℃
Днем-4.25 ℃
Вечером-5.78 ℃
Ночью-6.52 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра4.19 м/с