Жер секундына 14 атом бомбасының жылдамдығымен жылынып келеді – Geosphere Austria

Австрия ғалымдары жүз жыл сайын қайталанатын су тасқындары енді жиілей беретінін мәлімдеді.

Ашық дереккөзден

Австриялық ғалым, Geosphere Austria климаттық зерттеулер бөлімінің жетекшісі Марк Олефс соңғы апталарда Орталық Еуропаны әбігерге салған су тасқынының енді жиірек болатынына болжам жасады, деп хабарлады Euronews. Бұған себеп – планетаның жылдам жылынуы. 
Марк Олефстің айтуынша, егер мұндай жойқын су тасқындары әр жүз жыл сайын қайталанады деген тұжырым бар болса, енді олар 80-90 жылда қайталанып отыруы мүмкін. 

«Қазіргі таңда біз, яғни Жер планетасы секундына Хиросимаға тасталған атом бомбасының 14-інің жылдамдығымен жылып келеді. Бұл адамдардың қосып жатқан қосымша энергиясы, соның есебінен Жер қызып жатыр. Ал бұл ауадағы су буының көбейуіне әкеледі, демек нөсер жауын да көбейеді», – деп түсіндірді Марк Олефс. 

Еске салайық, Орталық Еуропадағы су тасқыны кезінде бірнеше адам қайтыс болып, табиғи апат бір миллиард еуродан астам экономикалық шығын келтірді. Басылымның жазуынша, Австрияның Санкт-Пёльтен ауданында 6-9 айда жауатын жаңбыр бар болғаны бірнеше күнде жауған (бір шаршы метрге 430 литр жауын-шашын). 

«Біз қазірдің өзінде бүкіл Орталық Еуропа аумағы, сондай-ақ, мұхиттар мен құрлықтардың температурасы индустрияландыру кезеңіне дейінгі уақытпен салыстырғанда 2-3 градусқа жылынғанын көріп отырмыз. Бұған парник газдарының ауаға бөлінуі – басты себеп. Ол климатты өзгертіп жатыр», – деді Марк Олефс.

Дереккөзі: Informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-07
Утром-8.53 ℃
Днем-4.86 ℃
Вечером-5.91 ℃
Ночью-6.95 ℃
Влажность58 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра3.11 м/с
2024-12-08
Утром-8.13 ℃
Днем-4.25 ℃
Вечером-5.78 ℃
Ночью-6.52 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра4.19 м/с