Биыл өндіріс орындарында 120-ға жуық жұмысшы қаза тапқан

Оқыс оқиғаның нақты себебін арнайы комиссия анықтайды.

Фото: Halyq Uni

2024 жылғы 8 айда Қазақстандағы өндіріс орындарында шамамен 120 жұмыс көз жұмды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов онлайн режимде ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті (МЕИК) және ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің, сондай-ақ олардың аумақтық департаменттерінің басшыларымен кеңес өткізді. Министрдің орынбасары өндірісте жарақаттануды болдырмау жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

МЕИК төрағасының міндетін атқарушы Мұрат Мұратбеков еліміздегі кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі қалай сақталып жатқанын баяндады. Оның айтуынша, биыл 8 айда кәсіпорындарда 892 адам зардап шеккен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ға көп. Оның ішінде 117 адам қаза тапқан. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға артық.

Жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды (106 адам зардап шекті), Абай (78 адам), Қостанай (76 адам), Шығыс Қазақстан (66 адам), Павлодар (55 адам) облыстарында және Алматы қаласында (61) сақталып отыр, – деді Мұрат Мұратбеков.

Бірқатар өңірде өндірістік жарақаттанудың айтарлықтай өсуі байқалады:

  • Қостанай облысы – өсім 29% (59-дан 76 адамға дейін);
  • Алматыда – 128% (14-тен 32 адамға дейін);
  • Маңғыстауда – 50% (30-дан 45 адамға дейін);
  • Батыс Қазақстан облысында45%-ға (31-ден 45 адамға дейін);
  • Ақмола облысында – 29% (31-ден 40 адамға дейін).

Зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кәсіпорындарында (19%) және құрылыста (11%).

Жазатайым оқиғалардың себебі әртүрлі. Оны комиссия анықтайды. Тексеру қорытындысы бойынша анықталатын негізгі заңбұзушылықтар төмендегідей;

  • Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етпеу – 235 дерек;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу – 43 дерек;
  • Жұмысшыларға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытуды жүргізбеу – 35 дерек.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-15
Утром18.53 ℃
Днем16.99 ℃
Вечером18.34 ℃
Ночью15.56 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.34 м/с
2025-06-16
Утром16.15 ℃
Днем24.15 ℃
Вечером25.48 ℃
Ночью19.72 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.84 м/с