Оралда полиция қызметкері көлігімен әйел адамды қағып, мерт етті
ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қайғылы оқиға 19 қыркүйекте сағат 06:15 шамасында Орал қаласында Пугачев көшесінде болды. «ВАЗ-21703» автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігін белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан әйелді қағып кетеді.
Ол алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.
Көлік тізгінінде полиция қызметкері болған. ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Автомашина арнайы тұраққа қамалды.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ол ішкі істер органдарынан босатылды.