Ресей: Біз ядролық сынақ жасауға дайынбыз!
Ресей Сыртқы істер министрлігі Ресейдің ядролық сынақтарды бастауға «толық дайындығы» туралы мәлімдеді.
«Жаңа Жердегі ресейлік полигон ядролық сынақтардың басталуына «толық дайын», – деп мәлімдеді РФ СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков.
«Ресей Федерациясының президенті нақтылағандай және тұжырымдағандай, біз мұндай сынақтарды жүргізе аламыз, бірақ сынақтарды өткізу тұрғысынан АҚШ мұндай қадамдардан қалыс қалса, біз де тартынантын боламыз», – деді Рябков («РИА Новости»).
Ол Жаңа Жердегі полигонның дайындығын АҚШ-тың соңғы бірнеше жыл бойы «осы саладағы» инфрақұрылымды жетілдірумен «мақсатты түрде» айналысып келе жатқанымен түсіндірді.
2023 жылғы қарашада Ресей президенті Владимир Путин Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты (ЯСЖТШ) кері қайтарып алу туралы заңға қол қойды.
Сонымен қатар, ол Вашингтон ЯСЖТШ-ны ешқашан ратификацияламағанын, сондықтан Мәскеу тепе-теңдікті сақтау үшін өзінің шартқа қатысуын тоқтата тұруға шешім қабылдағанын атап өтті. Бұл құжат Ресейге ядролық қаруды сынақтан өткізуге және бейбіт мақсатта ядролық жарылыстарды жүзеге асыруға тыйым салды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ресейлік депутат әлемге қауіп туралы ескерту жасау үшін ядролық бомба жаруды ұсынды
Путин Лукашенкоға бірлескен ядролық соққы беруді ұсынды
Ресей ядролық қаруды дайындап, қолдану жаттығуларын бастады
Ресей Қазақстан маңында ядролық қаруды қолдану бойынша жаттығулар өткізеді