Ресей зымырандары құлайтын БҚО-дағы әскери полигонда заң бұзылып отыр – экология министрлігі

Зиянды заттар шекті мөлшерден асып кеткен, бірақ көрші елден еш жауап жоқ дейді министрлік.

Фото: https://vpk.name/

Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда және Жаңақала аудандарында Ресей жалға алған әскери полигондар орналасқан. Көрші ел сынақтан өткізетін зымырандардың бөлшектері осы жерлерге құлайды. Экология және табиғи ресурстар министрлігі тексеріс барысында Қазақстанның экологиялық заңнамасы бұзылып отырғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2023 жылы қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының экология департаменті Бөкейорда және Жаңақала аудандарындағы нысандарда экологиялық заңнама талаптарының сақталуына тексеріс жүргізген. Оның нәтижесі бойынша бірқатар заңбұзушылық анықталды. Заң бұзу фактілері туралы анықтама Ресей тарапына жолдау үшін Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігіне жіберілген.

Араға бір ай салып облыстық Экология департаменті Бөкейорда ауданына қарайтын Бөрлі ауылының тұрғынының өтінішімен зымыранның бөлшектері құлаған орынға тексеріспен барады.

«Өтініш берушінің, Бөкейорда ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, жер қатынастары бөлімі және «Ұлттық сараптама орталығы» БҚО филиалы Бөкейорда аудандық бөлімшесі өкілдерінің қатысуымен су мен топырақтан сынама алынады. Сынаманың нәтижесі бойынша зиянды заттардың шекті-рұқсат етілген мөлшерден асып кеткені анықталды», – деді Экология министрлігі Azattyq Rýhy тілшісіне берген жауабында.

2023 жылдың қарашасында Қазақстанның қорғаныс министрлігі тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы талаппен Ресейдің Қорғаныс министрлігіне хат жолдайды. Алайда ресейлік тараптан сол күйі жауап келмеген.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың осы жылғы 24 мамырда берген тапсырмасына сәйкес, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық заңнама талаптарының сақталуы мәселелерін талқылау үшін Ресей тарапының өкілдерімен кездесу ұйымдастыру туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне хат жолдаған. Алайда кездесу әлі өткен жоқ, деп нақтылады Экология министрлігінің баспасөз қызметі.

Ресей жалға алған полигондар туралы не білеміз

Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы 1995 жылғы шартқа сәйкес, Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда және Жаңақала аудандарында Ресейдің «Капустин Яр» зымыран полигонының құрамына кіретін Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығы және Мемлекеттік орталық түраралық полигон жұмыс істейді. Олар барлығы 1 млн 465 мың га аумақты алып жатыр.

«Қазіргі таңда Бөкейорда ауданында жалға берілетін аумақ 945 мың га, Жаңақала ауданында 520,0 мың га құрайды. Бөкейорда ауданының аумағы «Капустин Яр» полигонының батыс, ал Жаңақаладағы шығыс бөлігі саналады», – деп атап өтті Экология министрлігі.

БҚО-дағы полигондар Ресейдің авиациялық техникалары мен қару-жарағының жаңа үлгілерін сынауға және зерттеуге, Ресей Әскери-теңіз флоты авиациясы мен Әскери-әуе күштері ұшқыштарының жауынгерлік дайындығына арналған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-05
Утром-4.74 ℃
Днем-4.27 ℃
Вечером-3.16 ℃
Ночью-4.57 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра4.51 м/с
2024-12-06
Утром-6.71 ℃
Днем-3.76 ℃
Вечером-5.66 ℃
Ночью-6.99 ℃
Влажность65 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.79 м/с