Жүргізушілердің уақтылы демалуын қадағалау күшейтіледі

Жыл басынан бері 2 700-ден астам адам жүргізушілері қағиданы бұзған.

Көлік министрлігінен

Көлік министрлігі Қазақстан жолдарында автобустар мен жүк көлігі жүргізушілерінің жолаушыларды, багажды немесе жүкті тасымалдау кезінде еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылау бойынша ауқымды акция өткізіп жатыр. 9 қыркүйекте басталған акция бір айға жалғасады, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Көлікті басқарудың күнделікті ұзақтығы қолданыстағы қағидаға сәйкес 9 сағаттан аспау керек. Төрт жарым сағат бойы үздіксіз басқарғаннан кейін, жүргізуші кемінде 45 минут үзіліс жасауға тиіс, – делінген министрлік хабарламасында.

Акция басталғалы Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің қызметкерлері жалпы көлемі 4 миллион теңгеден астам әкімшілік құқықбұзушылық туралы 218 хаттама толтырды.

Акция еліміздің барлық өңірінде өтіп жатыр. Тахограф – бұл жүргізушінің еңбек және демалыс режимін, қозғалыс жылдамдығын, жүріп өткен жолын үздіксіз тіркейтін сандық құрылғы. Бұл құрылғы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қалааралық және халықаралық тасымал барысында болатын жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі – жүргізушінің режимді сақтамай, шаршауы немесе рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын асыруы. Акция автожолдардағы жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтамауын анықтау және алдын алуға бағытталған, – деді комитеттің бас сарапшысы Күнайым Кәмиева.

Жыл басынан бері 2 700-ден астам ауыр жүк көлігі мен автобус жүргізушілері еңбек және демалыс режимін бұзған. Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, хаттама толтырды. Айыппұлдың жалпы сомасы 48 млн теңгеден асты.

Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк көліктері, оның ішінде:

  • қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды;
  • жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
  • жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық, қалааралық тұрақты тасымалдауды;
  • жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық, қалааралық, ауданаралық тұрақты емес тасымалдауды іске асыру кезінде пайдаланылатын көліктер жатады.

Қағида талаптары сақталмаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 572-бабымен тасымалдаушыларға 10 АЕК-тен 50 АЕК (36 920-184 600 теңге) аралығында, жүргізушілерге 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл көзделген.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-05
Утром-4.74 ℃
Днем-4.27 ℃
Вечером-3.16 ℃
Ночью-4.57 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра4.51 м/с
2024-12-06
Утром-6.71 ℃
Днем-3.76 ℃
Вечером-5.66 ℃
Ночью-6.99 ℃
Влажность65 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.79 м/с