Енді рөлде бір тәулікте 9 сағаттан көп отырған жүргізушілерге айыппұл салынады

Қауіпті жүктерді тасымалдайтын, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық тасымалдаумен айналысатын көлік құралдары тахограф орнатуға міндеттеледі.

«ОА» мұрағатынан

Көлік министрлігі автобустар мен жүк көліктері жүргізушілерінің демалыс режимін қаншалықты сақтап жүргенін тексеруге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі ережеге сәйкес, бір тәуліктің ішінде көлікті басқару ұзақтығы 9 сағаттан аспауы қажет. Ал көлікті төрт жарым сағат бойы үздіксіз басқарғаннан кейін кемінде 45 минут үзіліс жасалуы шарт. Бұның барлығын тахограф тіркеп отырады.

«Тахограф – бұл жүргізушінің еңбек және демалыс режимін, қозғалыс жылдамдығын, жүріп өткен жолын үздіксіз тіркейтін сандық құрылғы. Қалааралық және халықаралық тасымал барысында жүргізушінің режимді сақтамай, шаршауы немесе рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын асыруы жол апатына басты себеп болып жатады. Ал тахограф жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – дейді көліктік бақылау комитетінің бас сарапшысы Күнайым Кәмиева.

Тексеріс шаралары 9 қазанға дейін жалғасады. Акция басталғалы бері жалпы сомасы 4 миллион теңгеден астам әкімшілік құқық бұзушылық туралы 218 хаттама рәсімделді.

Тахографты орнатуға міндетті көлік құралдары:

қауіпті жүктерді тасымалдайтындар;

жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдаумен айналысатындар.

Айыппұлдың көлемі:

тасымалдаушы компанияға – 10 АЕК-тен 50 АЕК (36 920 – 184 600 тг);

көлік жүргізушілеріне – 10 АЕК (36 920 тг).

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-05
Утром-4.74 ℃
Днем-4.27 ℃
Вечером-3.16 ℃
Ночью-4.57 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра4.51 м/с
2024-12-06
Утром-6.71 ℃
Днем-3.76 ℃
Вечером-5.66 ℃
Ночью-6.99 ℃
Влажность65 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.79 м/с