FlyArystan баланы басқа қалада қалдырып кеткен: компания қалай жазаланды
26 қыркүйекте Air Astana компаниясының ісі бойынша әкімшілік іс қаралды.
Адвокат Данильхан Шағатаев Air Astana компаниясына Fly Arystan қызметкерлері жас баланы ұшаққа кіргізбегені үшін 3 млн теңгеден астам айыппұл салынғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АДВОКАТ НЕ ДЕЙДІ
Шағатаевтың айтуынша, 26 қыркүйекте Air Astana компаниясының ісі бойынша әкімшілік іс қаралған.
– Эйр Астана компаниясына әкімшілік кодекстің 567-бабының 2-бөлігі бойынша (тасымалдаушының жолаушыға қызмет көрсету жөніндегі міндеттерін орындамауы не тиісінше орындамауы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компанияға 1000 АЕК (3 692 000 теңге) көлемінде айыппұл тағайындалды, – дейді адвокат.
Ол істің егжей-тегжейін кейінірек бөлісуге уәде берді.
Анықтама үшін:
FlyArystan – қазақстандық бюджеттік авиакомпания (лоукостер) – «Эйр Астана»АҚ еншілес компаниясына қарайды.
3 сәуірде FlyArystan әуе компаниясы Air Astana-дан бөліну рәсімін аяқтады, бірақ Air Astana-ның 100% еншілес компаниясы болып қалды.
ОҚИҒА ЖАЙЛЫ
Орал тұрғыны Жазира Мусина бұған дейін қызымен Астана әуежайында болған оқиғаны айтып берген. Әйелдің айтуынша, FlyArystan компаниясы өзінің егіз балаларының бірін бөтен қалада жалғыз қалдырып кеткен.
2024 жылғы 20 шілдеде Жазира Зере мен Зауре Ғалиеваның балалары АҚШ-тан Оралға бір топ балаларымен сенімді адаммен бірге оралған. Астана арқылы ұшпақ болғанымен, тіркеу кезеңінде проблемалар туындаған. FlyArystan қызметкерлері Заурені рейске тіркеп, бірақ оның әпкесі Зерені тіркеуден бас тартқан.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: FlyArystan-ның 12 жасар қызды әуежайда қалдырып кетуі: компания жауапқа тартылды
Air Astana мен FlyArystan компанияларына жоспардан тыс тексеріс болады
Қызды ұшаққа жібермеген: FlyArystan басшысы кешірім сұрап Оралға ұшып келді
Fly Arystan компаниясы ұшаққа отыруға жіберілмеген қыздың анасына 4 млн теңге ұсынған
«Өрескел жағдай»: ААК FlyArystan-ды баланы тастап кеткені үшін жазалауға уәде берді