«Қыр да, өшір»: Орал азаматы Ресей азаматының көлігінен «Z» белгісін жойғызды
Бұл әрекет қоғамда қызу талқыланып жатыр. Себебі Z белгісін Ресей әскерін қолдау амалымен байланыстырып жүрген жұрт көп. Яғни, өзге елге қатысты дүниені насихаттау жолы ретінде саналады.
Жол үстінде болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НЕ ЖАҒДАЙ
Әлеуметтік желіде тараған бейнероликтен жол бойында тоқтап тұрған ресейлік нөмірдегі автокөлікті байқауға болады. Оның артқы терезесінде Ресейдің Украинаға агрессиясының белгісі саналатын “Z” әріпі таңбаланған. Мұны байқап қалған оралдық белсенді Мейірбек Есболатұлы көлікті тоқтатып алып, иесіне таңбаны алып тастауды бұйырған.
“Ресейдің қазақтары, пропагандаға тойып алған. Көшеден тоқтатып алдым. Своих не бросаем деп қояды…”,- дейді белсенді азамат.
ОЛАР КІМ
Видео авторының сөзінше көлік иелері Ресейден келген қазақтар.
“Қыр, пышақпен қыр. Скочтпен жабыстырма. Қазір қыр. Сен неге Қазақстанға келіп фашистердің белгісімен жүресің?! Ештеңені білмеймін, қыр. Қазір полиция шақырамын”,- дейді белсенді Есболатұлы.
Азаматтар бұл бейнеге белсенді азаматты қолдап, оның әрекеті дұрыс болғандығын айтып пікір қалдырған.
БҰҒАН ДЕЙІН
Қоғамдық көлікте Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын айыптап, орыстарды ұнатпайтын айтқан Қалима Жапарованың екі жылға бас бостандығы шектелген еді.
Бүгін G7 елдерінің көшбасшылары Украинаны қолдауға және қалпына келтіруге арналған құжатқа қол қойды. Олардың қатарында АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Германия, Жапония және Канада және тағы 20-дан астам мемлекет бар.