БҚО тас жолындағы апат: ауруханаға жүгінгендердің саны тоғыз адамға дейін өсті
ЖКО 26 қыркүйекте Теректі ауданында Таксай кентінің маңындағы Подстепное-Елек автожолының 39 шақырымында орын алды.
БҚО полиция департаменті Renault Logan мен Lada Largus соқтығысқаннан кейін ауруханаға әртүрлі жарақаттармен жеті адам жеткізілгенін хабарлады. БҚО денсаулық сақтау басқармасы ЖКО салдарынан тоғыз адам зардап шеккенін түсіндірді. Олардың барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілді.
– 29 жастағы әйел хирургия бөліміне жатқызылды. 25 жастағы ер адам мен 62 жастағы әйел политравма бөліміне орналастырылды. Жағдай орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланады. 40,51,39,47 жастағы төрт әйелге және 38 және 23 жастағы екі ер адамға амбулаториялық ем тағайындалды, — деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.