Оралда студенттен жарты миллион теңге бопсалаған топ ұсталды
Топ мүшелері өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде көрсеткен.
Соңғы үш күнде үш қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды.
Оралда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде көрсетіп, зорлық-зомбылықпен оқу орындарының бірінің студентінен 500 мың теңге бопсалаған жергілікті жастар тобын ұстады.
Күдіктілер қамауға алынды.
Осы жылғы бұл қаладағы бірінші оқиға емес. Мәселен, 2024 жылдың ақпан айында полицейлер қаланың сауда орталықтарының бірінің қызметкерлері мен студенттерінен алаяқтық әрекеттер, тонау және ақша бопсалау жасады деп күдіктенген жастар тобын ұстады. Содан кейін колледж студенттері болған төрт күдікті УҰИ (уақытша ұстау изоляторы) қамауға алынды.
Шымкентте жедел уәкілдер қаланың екі тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Ұсталғандар жергілікті тұрғыннан бір миллион теңге бопсалап, оған қатысты ақпарат таратамыз деп қорқытқан.
Ақтөбеде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері бір миллион теңге мен Subaru автокөлігін алу кезінде қылмыстық топтың мүшесін ұстады.
Ол өзінің үш сыбайласымен ғимарат жертөлесінде жәбірленушіге моральдық және физикалық қысым көрсетіп, сегіз миллион теңге бопсалаған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бопсалау фактілерін анықтау және олардың алдын алу жұмыстары жалғасады, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Оралда студенттерге қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды
Оралда студенттерден ақша бопсалады деп айыпталған қылмыстық топ ұсталды