Қазақстанда құрылысы аяқталмаған тұрғын үйдегі пәтерді брондауға тыйым салынады

Елімізде үлескерлерден алдын ала ақша алып, кейін құрылысты аяқсыз қалдыратын компаниялар қатарын азайту үшін салынып бітпеген тұрғын үйден пәтерді брондауға тыйым салынбақ. 

«ОА» мұрағатынан

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында баспананы алдын ала брондауға тыйым салу қарастырылып жатыр. Сонымен қатар компанияларына құрылыс бітпей жарнама жасауға да рұқсат жоқ. Бұл жаңашылдық үлескерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталып отыр.

Алайда бұл саладағы сарапшылар аталмыш бастаманы құптамайды. Айтуынша, егер бұл заң күшіне енетін болса қазақстандықтардың баспанаа алуы қиындай түседі. 

“Үйі жоқтар тым болмаса 1-2 миллион ақшасы болса, соны сенімді компанияларға салып, үй біткен соң әрі қарай ипотека рәсімдеуге дейін жағдайларын түзеп, қалған ақшасын жинап алады. Оны алып тастаса өзі үйсіз-күйсіз жүрген адамдарға мүлдем қиын болады ғой. Көбіне құрылыс комапаниялары 30-50 пайыз ақша сұрап жатады. Маман ретінде айтатын болсам, біздің халықтың 70 пайызында ондай ақша жоқ”, – дейді Ажар Молдан.

Сарапшы пәтерді алдын ала брондап, құрылыс компанияларға алданып қалған адамдардың көптігін де ескерді. Сондықтан баспанаға ақша саламын деп жүрген жандарға ол компанияның сенімді екеніне көз жеткізіп барып брондауға кеңес берді. 

Айта кетейік, жаңа түзетулерде құрылыс мерзімін көрсетілген уақыттан 5 айға дейін ұзарту көзделген. Әзірге заң жобасы пысықталып жатыр.

Stan.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО-да жосықсыз құрылыс салушылар бас бостандығынан айырылды

«Үй мәселесі»: Үлескерлерден ақша жинау тәртібі өзгереді

БҚО-дағы үлескерлерге құрылыс салушы аяқталмаған пәтерлер үшін ақша таба алмай отыр

Оралдағы алданған үлескерлер «Қазхол» ЖШС компаниясынан ақшаларын қайтаруды талап етуде

БҚО үлескерлеріне моральдық зиян өтелетін болады

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-13
Утром-4.39 ℃
Днем-1.36 ℃
Вечером-2.72 ℃
Ночью-4.09 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра8.3 м/с
2026-01-14
Утром-7.63 ℃
Днем-7.47 ℃
Вечером-8.04 ℃
Ночью-8.74 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра8.38 м/с