Мал шаруашылығы саласында 7 жылға дейін жеңілдетілген несие беріледі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл халқының кірістерін арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру басталды. Министрлік өтінімдерді электрондық форматта беруге және қарауға мүмкіндік беретін шағын кредиттеу ақпараттық жүйесін әзірледі.

АШМ фотосы

Бағдарлама мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы кооперациясы және ауыл шаруашылығымен байланысты емес бизнес салаларын дамытуға төмен мөлшерлемемен шағын кредиттер беруді қарастырады. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов ОКҚ брифингінде хабарлады.

Оның айтуынша, өтінім беруші электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүйеде тіркеліп, қажетті құжаттарды жүктейді. Пайдаланушының рұқсатымен оның жеке деректері тексеріліп, кейбір мәліметтер автоматты түрде толтырылады. Өтінімді әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияда қарау бірнеше кезеңнен тұрады. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алуға ниетті адам жеке кабинет арқылы құжаттардың нақты қай маманда қаралып жатқанын көре алады.

«Бұл бағдарлама төңірегінде пайыздық мөлшерлеме 2,5%-дан аспайды. Несие мерзімі – 5 жылға дейін берілетін болады, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін. Несие сомасы жеке кәсіпкерлер үшін 9 миллионнан сәл асады. Ал, егер де шаруашылықтар бір кооперативке ұйымдастырылып, бірігіп жұмыс істейміз десе, онда несие сомасы 29,5 млн-ға дейін жететін болады»,- деді спикер.

Ақпараттық жүйе арқылы мыңнан астам өтінім қабылданды. Оның 384-і мақұлданып, қазір ауыл тұрғындары несиелерді алуды күтіп отыр.

Фото: Halyq Uni

Сондай-ақ вице-министр мал шаруашылығы саласын цифрландырудың маңызды екенін ерекше атап өтті. Бұл секторды цифрландыру үшін 2 ақпараттық жүйе іске қосылды. Олардың арқасында малды тіркеуден бастап, зертханалық жұмыстары мен ветеринариялық шараларына дейін қадағалауға болады.

Малдың ет ретінде сөреге түскенге дейінгі әр кезең тіркеліп, бір паспорт ретінде шығарылады. Нәтижесінде малдың қайдан шыққанын білуге болады. Оның ауырғаны да ашық ақпарат болып жарияланады. Әзірге бұл жоба пилоттық режимде бір өңірде іске қосылды. Жыл аяғына дейін заңнамаға өзгерістер енгізіп, жобаны бүкіл ел аумағында енгізу жоспарда бар.

 Sputnik

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-16
Утром-14.83 ℃
Днем-12.78 ℃
Вечером-12.19 ℃
Ночью-13.47 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра7.61 м/с
2026-01-17
Утром-17.86 ℃
Днем-16.43 ℃
Вечером-19.12 ℃
Ночью-21.15 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра6.71 м/с