Батыс Қазақстанда әкімшілік ғимараты өртенді
Батыс Қазақстан облысының өрт сөндірушілері әкімшілік ғимараттағы өртті оқшаулады.
ТЖМ хабарлауынша, Ақсай қаласының Бөрілі ауданында алдын ала мәлімет бойынша 300 шаршы метр алаңда екі қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртенген.
– Ғимарат металл қаңқалы материал, минералды вата мен пішінделген төсемнен жасалынып өртті сөндіруге қиындық туғызғанына қарамастан құтқарушылармен өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлаған ТЖМ.
Зардап шеккен ешкім жоқ. Көп өтпей өрт оқшауланды.