Полиция QR арқылы жасалатын алаяқтық туралы ескертті

Қоғамдық орында QR-ды бірден сканерлеуге болмайды.

Фото: Shutterstock

Полиция елімізде QR арқылы жасалатын алаяқтық дерегі жиілегенін ескертіп, қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.

Polisia.kz мәліметінше, бүгінде алаяқтықтың жаңа түрі (квишинг) жиі тіркеле бастаған. Мұнда алаяқтар қоғамдық орындағы QR кодтары арқылы адамдардың жеке дерегін алады. Олар QR-ды қоғамдық орындарда орналастырады немесе электронды спамға тіркейді. Бұл QR сізді құпия ақпаратты ұрлауға арналған зиянды веб-сайттарға бағыттайды.

Мысалы, алаяқтар сізге туыстары мен достарынан конкурсқа дауыс беруді немесе кодты сканерлеу арқылы сыйлық алуды сұрайды. Осылайша, сізге QR жібереді. Сондықтан қандай да бір әрекет жасамас бұрын ұсынысты мұқият зерделеу керек.

QR-ды пайдаланудың кең таралған әдістерінің бірі – тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу. Алайда QR-ды жұрт көп жиналатын орындарда бірден сканерлеуге болмайды. Егер сіз QR арқылы сайтқа кірсеңіз, онда жеке деректеріңізді сұраса, онда сақ болыңыз, Себебі, алаяқтардың құрбаны болуыңыз мүмкін. Бүгінде мұндай деректер жиі тіркеліп жатыр, — деп жазылған хабарламада.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-10
Утром-28.19 ℃
Днем-16.39 ℃
Вечером-14.57 ℃
Ночью-10 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра7.14 м/с
2026-03-11
Утром-2.53 ℃
Днем0.33 ℃
Вечером0.75 ℃
Ночью0.47 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра7.87 м/с