2025 жылы ипотекалық несие пайызы төмендей ме

Сарапшы Қазақстанда ипотеканы жеңілдетуге негіз болатын төрт алғышартты атады.

Ашық дереккөзден

Қазақстанда 2025 жылы ипотекалық несиелер пайызының төмендеуі ықтимал. Мұндай пайымды Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының бас талдаушысы Рамазан Досов Krisha.kz басылымына айтты. 
Сарапшының сөзінше, Қазақстанда ипотеканың екі түрі бар. Біріншісі жеңілдікті тұрғын үй несиелері болса, екіншісі – коммерциялық, яғни нарықтық ипотекалар. 

«Ипотека пайызының төмендеу ықтималдығы бар. Оған елдегі макроэкономикалық жағдайлар және құрылыс саласын реттеу бойынша мемлекеттік саясат негіз болар еді. Мемлекет жеңілдікті, яғни төмен пайызды ипотеканы тек халықтың шын мұқтаж осал топтарына бергені абзал. Осындай шектеу арқылы мемлекет бүкіл нарықта тұрғын үй несиесіне қолжетімділікті қамтамасыз етер еді», – деді Рамазан Досов. 

 Оның пайымынша, 2025 жылы ипотека шарттарын жеңілдеті үшін келесі төрт шарт орындалуы тиіс: 

Инфляцияның баяулауы. Төмен және тұрақты инфляция Ұлттық банкке базалық мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде ипотека бойынша банктердің мөлшерлемелерін төмендетеді. 
Халықтың табысының артуы. Несие алушылардың кредиттік тәуекелі олардың табысына тікелей тәуелді. 
Жеңілдікті ипотекаларды тек мұқтаждарға беру арылы қысқарту. 
Екінші деңгейлі банктерге тең шарттар беру арқылы тұрғын үй секторында нарықтық механизмдерді қалпына келтіру. 

Айта кетейік, Рамазан Досовтың болжамынша, 2025 жылы базалық мөлшерлеме жылдық 14,25 пайыздан 11,5-12 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. 

Дереккөзі: Informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-17
Утром-9.17 ℃
Днем-5.48 ℃
Вечером-4.15 ℃
Ночью-3.38 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра5.33 м/с
2025-01-18
Утром-3.63 ℃
Днем-3.69 ℃
Вечером-3.32 ℃
Ночью-3.27 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.66 м/с