Табиғи газды тұтынатындарға үнемшіл болуға тура келеді – заңға түзетулер әзірленді

Табиғи газды белгіленген көлемнен артық пайдаланғандар тарифті 1,3 коэффицентпен төлейді.

«ОА» мұрағатынан

Мәжіліс депутаттары табиғи газды пайдалануға қатысты заңға өзгерістер мен түзетулерді әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, қазіргі кезде электр энергиясын тұтыну саласында үнемдеу шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, энергияның көлемі ғана емес, оны тұтыну уақыты да ескеріледі. Соған қарай тариф белгіленеді. Сол секілді газ саласында көгілдір отынның шекті көлемін белгілеу ұсынылып отыр. Одан асқан жағдайда жоғары коэффицентпен ақы төлеуге тура келеді.

«Қазір табиғи газ бойынша екі тариф енгізу жоспарланып отыр. Біріншісі – тұрмыстық қажеттіліктерге арналған газдың шекті көлемі. Ал осы көлемнен асқан жағдайда екінші тариф қолданылады. Әзірше шекті көлемнен асқаны үшін тарифтің 1,3 коэффицентін белгілеу ұсынылып отыр»,-деді Смышляева мәжілісте өткен жиында.

Осылайша, табиғи газды белгіленген көлемнен артық пайдаланғандарға тарифті 1,3 коэффицентпен төлеуге тура келеді.

Бүгінгі отырыста таныстырылған материалдарда газды тұрмыстық мақсатта пайдаланудың шекті көлемі де көрсетілген.

жылыту маусымында – айына 625-920 текше метр (әрбір өңірдің климатына қарай);

жылыту маусымынан тыс уақытта – айына 70 текше метр.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде республика бойынша 1,5 млн үйде газды тамақ пісіру үшін ғана емес, жылыту үшін де пайдаланады. Ал көпқабатты үйлермен қоса алғанда абонеттердің жалпы саны 2,2 млн адамға жетеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-17
Утром-9.55 ℃
Днем-5.48 ℃
Вечером-4.15 ℃
Ночью-3.38 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра5.33 м/с
2025-01-18
Утром-3.63 ℃
Днем-3.69 ℃
Вечером-3.32 ℃
Ночью-3.27 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.66 м/с