БҚО-ның үш балабақшасында прокурорлар балаларға жүйелі түрде дөрекі қарауды анықтады
Мектепке дейінгі мекемелердің бейнекамераларынан деректерді тексеру барысында қаланың үш балабақшасында (облыстық прокуратура олардың аттарын айтпады — автор.ескерт.) тәрбиешілер балаларға дөрекі қараған, тәрбиенің рұқсат етілмеген әдістерін қолданған. БҚО прокуратурасы осы бала бақшалардың тәрбиешілеріне қатысты қылмыстық іс қозғады, алайда сотқа дейінгі тергеу барысында тараптардың татуласуына байланысты оларды тоқтатты. Тәрбиешілер жұмыстан шығарылды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс прокурорының аға көмекшісі Жанар Иманғалиева мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2024 жылы Балалардың құқықтарын қорғау жұмысы аясында прокуратура органдары мектепке дейінгі ұйымдарда, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан бірқатар тексерулер жүргізді.
Қорытындысы бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерін, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды көптеген бұзушылықтар, объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру, сондай-ақ педагогтардың жалған дипломдарды пайдалану фактілері және балабақша тәрбиешілерінің балаларға қатыгездік жағдайлары анықталды.
Осылайша, 431 білім беру ұйымында өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын бұзу анықталды. Бұл автоматты өрт дабылының ақауы, эвакуациялау жолдарында пайдаланылатын «Шығу», «Эвакуациялық (қосалқы) шығу» өрт қауіпсіздігінің көлемді жарық белгілерінің болмауы, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық куәландыруды жүргізбеу және т.б. 18 мектепте бейнекамералар ақаулы болды. 414 білім беру ұйымдарында санитарлық ережелерді бұзу анықталған.
Ас блогында, сондай-ақ дайын тамақ өнімінен алынған сынамаларда 52 жеке және 13 мемлекеттік балабақшада ішек таяқшалары тобының бактерияларының болуы анықталды.
Сонымен қатар, облыс бойынша балабақшалар мен мектептерде температуралық режимді сақтамай тоңазытқыштарда тамақ сақтауға рұқсат етілген; балаларға арналған жиһаз тозған күйде, көптеген ақаулар мен сынулар бар; жатын керек-жарақтары уақтылы ауыстырылмайды; жұмысшыларда медициналық құжаттар жоқ; үш сағат бұрын дайындалған дайын тағамдарды пайданлануға рұқсат етілген.
БҚО-ның 90 мектебінде прокурорлар порнографиялық және экстремистік сипаттағы сайттарға, сондай-ақ зорлық-зомбылық, құмар ойындар, есірткі және алкоголь құралдары туралы ақпаратқа кедергісіз қол жеткізу фактілерін анықтады.
Қадағалау актілері бойынша сайтқа кіруге тыйым салынды, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қабылданған шаралармен 71 мың баланың құқықтары қорғалды, 236 адам тәртіптік жауапкершілікке, 262 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Барлық бұзушылықтар бойынша білім беру ұйымдары оларды жою жөнінде шаралар қабылдады.