Қазақстанда баспана бағасы қымбаттады

Тұрғын үйдің бір шаршы метрі – 500 теңгеге жеткен.

Фото: gov.kz

Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны орташа есеппен 500 мың теңгеге жеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда баспананы сатып алудан бөлек жалға алу бағасы да қымбаттаған. Бірақ бұл жолы баға өсімі әдеттегідей Астана мен Алматыда емес, өңірлерде байқалып отыр. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, алғашқы үштікте соңғы 1 айда пәтер жалдау құны бірден 5 пайызға қымбаттаған Өскемен, Қарағанды және Көкшетау қалалары тұр. Соңғы 1 жылдағы ең жоғары өсім Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда тіркелген екен.

“Қарағанды, Өскемен, Көкшетау сияқты қалаларда жалдамалы пәтер бағасы өсіп жатыр. Бұл аймақтардағы ірі жобалардың бастаулымен байланысты. Мысалы, Өскемен мен Көкшетау қалаларында жылу электр стансалары салынады, сырттан келген құрылысшылар пәтер жалдайды. Міне осы жағдай сұраныстың артып, бағаның өсуіне әкеліп отыр. Жалпы елімізде жалдамалы үйлердің қымбаттауы баспана санының аздығына байланысты”, – дейді сарапшы. 

Тұрғын үйдің сату бағасының өсімі де өңірлерде байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда Ақтөбе, Талдықорған, Қызылорда қалаларында бірініші нарықтағы баспана бағасының біршама өскені байқалады. 

“Бірінші нарықтағы баспананың қыркүйектегі құны былтырғымен салыстырғанда 2 пайызға өсті. Ал ескі үйлер 5 пайызға қымбаттаған. Бірақ бұл баспана күрт қымбаттады дегенді білдірмейді. Бұл құбылыс елдегі инфляция көрсеткішіне байланысты”, – дейді Қазақстан риелторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко. 

Сарапшылар баспана бағасының көтерілуін құрылыс материалдарының қымбаттауымен де байланыстырады. Олардың айтуынша, қазір елімізде құрылыста пайдаланылатын құрылыс материалдарының 65% шетелдерден әкелінеді екен. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-11
Утром7.68 ℃
Днем5.99 ℃
Вечером7.67 ℃
Ночью7.05 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.5 м/с
2025-11-12
Утром4.95 ℃
Днем7.1 ℃
Вечером6.79 ℃
Ночью7.24 ℃
Влажность77 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.42 м/с