БҚО-да ядролық медицина орталығы салынады

Қатерлі ісікке күдіктенген адам тегін тексеруден өтіп, сапалы ем ала алады.

Azattyq Rýhy

Елде жыл басынан бері 31 000 адам онкологиялық ауруға шалдыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап. 

Сүт безінің қатерлі ісігі бірінші орында тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс онкологы Диляра Қайдарова мәлімдеді. Семейдегі ядролық медицина орталығында өткен онкологтар кеңесінде қатерлі ісіктің алдын алу жолдары талқыланды. 

Адам папилломасы вирусына қарсы вакциналау барысы айтылды. Қазір Семейдегі орталық барлық қажетті жабдықпен қамтылған. Онда жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Қатерлі ісікке күдіктенген адам тегін тексеруден өтіп, сапалы ем ала алады. Сондай ядролық медицина орталығын Батыс Қазақстан облысында салу жоспарланып отыр. 

Бұрын біз қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды ем алу үшін шетелге жіберетінбіз. Сол жақтан радиотерапиядан өтетін. Қазір барлық қызметтерді Семейдегі ядролық медицина орталығында алуға болады. 20 орын дегеніміз, әрине, аз. Сондықтан біз дәл осындай орталықты Батыс Қазақстан облысында салуды жоспарлап отырмыз, — деді денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс онкологы Диляра Қайдарова.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Оралда енді қатерлі ісіктің ерте диагностикасы қол жетімді

Оралда сәулелік терапия орталығы ашылды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-17
Утром1.45 ℃
Днем0.65 ℃
Вечером-7.07 ℃
Ночью-10.22 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра10.42 м/с
2026-02-18
Утром-11.83 ℃
Днем-8.38 ℃
Вечером-8.82 ℃
Ночью-10.21 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.03 м/с