«Бас дәрігерлер–жемқор»: Біртанов медицина саласындағы сұмдықтың бетін ашты

Өкінішке қарай біздің денсаулық сақтау саласында жемқорлық өте көп болып тұр. Оның көбі бас дәрігерлерге, басшыларға байланысты.

Фото: видеодан алынды

Қазақстан инновациялық университетінің медициналық директоры Елжан Біртанов денсаулық саласындағы олқылықтарды айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

«Сұрауы бар» YouTube  арнасында Елжан Біртанов медицинадағы жемқорлықтың өршіп тұрғанын айтты.

«Өкінішке қарай біздің денсаулық сақтау саласында жемқорлық өте көп болып тұр. Оның көбі бас дәрігерлерге, басшыларға байланысты. Оны жоюға тырысуымыз керек. Оны қалай жасауға болады? Бір жағынан, арнайы органдар бар, олар тексереді, қорқытады», –  дейді ол.

Біртанов өзіне бас дәрігерлердің арыз-шағыммен келетінін жеткізді.

«Маған көп бас дәрігерлер келеді. «Аурухананы органдар есепке қойып қойған» дейді. Оларға тендерді кімнен алу керегін айтады екен. Мысалы «тамақты мынадан аласың, алмасаң сотқа кетесің» дейді екен. Бұндай қысым көп жерде бар. Өз алдына жұмыс істеуге жол бермейді. Ондай іске араласқаннан кейін, бас дәрігердің өзі де жемқор болып кетеді. Дәл солай арнайы адамға тендер беріп қояды», – деді Біртанов.

Сұхбат барысында бұндай заңсыз істерді қалай жоюға болатыны да айтылды. 

«Біз бір ұсыныс тастадық. Күнделікті басқару жүйесін ашық қылуымыз керек. Бұл үрдіс шетелде де бар. Басшы тек өзі ғана шешім қабылдамай, ұжыммен ақылдасып, ұжымға немесе меңгерушіге, орынбасарға көрсетуі керек. Өйткені бір адам болса, тығып ақша жымқыра алады. Ал басқалары бас тартуы мүмкін. Бұл істің дұрыс еместігін айтады. Не бір ұжым кетеді»,  – дейді Елжан Біртанов. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-17
Утром17.14 ℃
Днем26.06 ℃
Вечером21.23 ℃
Ночью17.33 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.77 м/с
2025-06-18
Утром15.64 ℃
Днем23.69 ℃
Вечером22.71 ℃
Ночью17.23 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра6.93 м/с