Жүргізушілер көлік инспекторының заңсыз әрекетіне қайда шағымдана алады

Елде ауыр жүк көліктерін өлшейтін автоматтандырылған станциялар кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.

Фото: видеодан скриншот

Көлік министрлігінде көліктік бақылау инспекторлары тарапынан заңсыз әрекеттер мен әдепсіз мінез-құлық тіркелген жағдайда ауыр жүк көлік жүргізушілеріне қайда қоңырау шалуға болатындығы түсіндірілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жауапты ведомство ғимаратында +7(7172) 98-35-35 және 98-35-33 нөмірлері бойынша тәулік бойы ситуациялық-ақпараттық орталық жұмыс істейді. Сонымен қатар, барлық ресми шағымдарды, өтініштер мен ұсыныстарды +7-700-098-35-35 (WhatsApp) нөмірі бойынша жіберуге болады. Сондай-ақ, 1403 («Қазавтожол» ҰК байланыс орталығы) қысқа нөмірі бойынша хабарласуға болады, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, еліміздің әр өңірінде көліктік бақылау инспекциясы жұмыс істейді. Көлік инспекторлары көліктік бақылауды іске асырады: рұқсат беру және ілеспе құжаттардың бар-жоғын тексереді, автокөліктерді өлшеп, салмақтық және габариттік параметрлердің сақталуын тексереді. Көліктік бақылаудың процесі міндетті түрде бейнежетондарды пайдалана отырып жүргізіледі. Көліктік бақылау қызметкерлерінің бекетте тоқтау (оның ішінде жылжымалы) туралы талаптарын орындамау не көліктік бақылаудан өтуден бас тарту әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Қазір елімізде ауыр жүк көліктерін өлшейтін автоматтандырылған станциялар кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Олар жолдың мерзімінен бұрын тозуын болдырмауға бағытталған. Көліктерге шамадан тыс жүк тиелген кезде жүйе автоматты түрде фотосуретке түсіреді, одан кейін бұл ақпарат көліктік деректер базасының ақпараттық-аналитикалық жүйесіне беріледі. Бұл көлікті бақылау комитетіне салмақ нормаларын асыруға байланысты құқықбұзушылықтар туралы хабарламаларды жедел жіберуге мүмкіндік береді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-20
Утром-1.77 ℃
Днем-1.71 ℃
Вечером-1.01 ℃
Ночью-2.59 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра6.13 м/с
2025-01-21
Утром-6.08 ℃
Днем-9.41 ℃
Вечером-11.28 ℃
Ночью-12.31 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра9.18 м/с