Банк қызметкерлері клиенттердің деректерін алаяқтарға сатқан

Бұл жерде мәліметтердің жеке-жеке түрде таралу фактілері болған. Жеке-жеке түрде таралу дегеніміз – қызметтегі лауазымын асыра пайдаланып, белгілі бір сыйақы үшін қажетті ақпаратты жария ету.

Көрнекі сурет

ОКҚ брифингінде Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы биыл қазақстандық банктерге азаматтардың жеке мәліметтерін жария ету бойынша заңбұзушылықтары үшін жаза қолданылғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Руслан Әбдіхалықовтан қазақстандық банктердің клиенттердің жеке деректерін қорғау сапасы тексерілген-тексерілмегені туралы сұралды, себебі көптеген қазақстандық алаяқтар азаматтар туралы ақпаратты банктерден тікелей алады деп санайды.

«Иә, мұндай фактілер, өкінішке қарай, бар. Өткен жылы да, биыл да біз екінші деңгейлі банктерді тексердік, оларды заңбұзушылықтары үшін жазаладық. Бірақ бұл жерде мәліметтердің жеке-жеке түрде таралу фактілері болған. (…) Жеке-жеке түрде таралу дегеніміз – қызметтегі лауазымын асыра пайдаланып, белгілі бір сыйақы үшін қажетті ақпаратты жария ету. (…) Осыған байланысты азаматтардың азаматтық позициясы маңызды – олар міндетті түрде бізге бұл туралы хабарлауы керек.

Біз барлық азаматты ақпараттық қауіпсіздік комитетіне E-otinish порталы арқылы осындай фактілер туралы хабарлауға шақырамыз, әрбір жағдайды және әрбір банкті жеке-жеке тексереміз. Әр банк деректердің саудаға түсіп, лауазымын асыра пайдалануды қаламайды. Әр банктің өз қауіпсіздік қызметі бар, біз олармен бұл мәселелерді бірге шешеміз. Егер ондай адамдарды анықтасақ, оларды айыппұлға тартамыз, ең бастысы – оларды жұмыстан шығарады және болашақта басқа банкте жұмыс табуы екіталай», – деп мәлімдеді комитет басшысы.

Руслан Әбдіхалықов қазақстандықтарды комитетке ресми шағым жазуға шақырды, себебі әлеуметтік желілердегі шағымдар банктерде тексеріс бастауға негіз болмайды. Ол заң бұзушылықтар расталған жағдайда, айыппұл банктің өзіне салынатынын, ал банк ішіндегі басшылық қызметкерлерін қалай жазалайтынына өздері шешім қабылдайтынын қоса айтты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-17
Утром-9.55 ℃
Днем-5.48 ℃
Вечером-4.15 ℃
Ночью-3.38 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра5.33 м/с
2025-01-18
Утром-3.63 ℃
Днем-3.69 ℃
Вечером-3.32 ℃
Ночью-3.27 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.66 м/с