Оралда су тасқынынан зардап шеккен мүмкіндігі шектеулі жан сот арқылы өтемақы алды
Сот жергілікті әкімдікке өтемақыны толық көлемде төлеуге міндеттеді.
![](https://www.uralskweek.kz/wp-content/uploads/2024/10/unnnn.jpeg)
БҚО сотынан түскен мәліметке қарағанда, аталған азамат өтемақыны төлеу үшін қала әкімдігіне жүгінген. Бүлінген мүлікті комиссия 716 205 теңге деп бағалаған. Алайда 104 500 теңге ғана төленген. Мұнымен келіспеген М. бірнеше рет қала мен облыс әкімдігіне жүгінген. Тиісті жауап алмаған соң БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап арыз түсірген.
«Алдын ала тыңдау барысында тараптарға татуласу туралы келісім ұсынылған. Келісім шартына сәйкес талап қоюшы даулау туралы талаптан бас тартты. Ал жауапкер екі бағалаушы компанияның қателігін назарға ала отырып, бір ай мерзім ішінде талап қоюшының есепшотына 449 300 теңге көлемінде материалдық залал қосымша ақысын аударуға міндеттенді. Нәтижесінде дау қос тарап үшін де оңтайлы шешілді», – деп хабарлады ведомстводан.